Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы байқалады ҰҚШҰ-ның «Шеп-2026» оқу-жаттығуы Жетісу облысында өтеді Президент көшпенділер ойынындағы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі Қазақстанның жер қойнауы инвесторларға ашылады: алғашқы учаскелер 2027 жылы аукционға қойылады Аса ірі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды Грузияда ұсталған қазақстандық алаяқ елге экстрадицияланды Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника қозғалысы байқалады

    Әлем чемпионаты: Өзбекстан алғашқы ойында ұтылып қалды

    Әлем чемпионаты: Өзбекстан алғашқы ойында ұтылып қалды

    Өзбекстанда жұмысқа 2 сағатқа кешігіп келсе болады. Бұл шешім Әлем чемпионаты аясында Колумбиямен өтетін матчқа байланысты қабылданды. Яғни көрші елдің билігі ұлттық құраманы қолдау мақсатында мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақытын уақытша өзгертті. Сәйкесінше қызметкерлер жұмысқа сағат 10 нан бастап келе береді. Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы биыл алғаш рет футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Сондай-ақ бүгін Өзбекстанда ұлттық құраманың мундиальға қатысуына арналған арнайы коллекциялық монета айналымға шығарылды. Өзбекстан алғашқы ойында ұтылып қалды Өзбекстан құрамасы жаңа ғана әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді. Ала шапанды ағайындар Колумбияға қарсы ойнап, 3:1 есебімен ұтылып қалды. Ойынның 1-минутында Муниос есеп ашса, Файзуллаев 60-шы минутта таразы басын теңестірді. Алайда колумбиялықтар ойын соңына дейін тағы 2 гол соғып, жеңіске жетті. Ал Англия Хорватиядан басым түсті. Есеп 4:2. Матчта Харри Кейн дубль авторы атанса, Джуд Беллингем мен Маркус Рэшфорд бір-бір голдан соғып, көзге түсті. Ал Гана құрамасы Панаманы 1:0 есебімен ұтты. Сондай-ақ көпшілік асыға күткен Португалия ойламаған жерден Конгомен тең ойнап қалды. Есеп 1:1.

    Дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →