Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты

    Қазақстан өңдеу өнеркәсібі бойынша Өзбекстанды артқа қалдырды

    Қазақстан өңдеу өнеркәсібі бойынша Өзбекстанды артқа қалдырды

    Фото: depositphotos.com Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша алғаш рет  Өзбекстаннан озып шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

    2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің индексі 109,9% құрады. Ал Өзбекстанда бұл көрсеткіш 108,5% деңгейінде болды. Бұған дейін бірнеше жыл қатарынан көрші ел бұл көрсеткіш бойынша алда келген. Сарапшылардың мәліметінше, екі елдің өндірістік құрылымы ұқсас болғанымен, даму бағыты әртүрлі.

    Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіптің 51,1%-ын құраса, Өзбекстанда бұл үлес 85,8%-ға жетеді. Қазақстанда соңғы жылдары экономиканы әртараптандыру саясаты белсенді жүргізіліп, машина жасау, химия өнеркәсібі және жоғары қосылған құнды өндірістер қарқынды дамып келеді. Нәтижесінде машина жасау саласының үлесі 17,7%-ға жетіп, өңдеу секторындағы негізгі драйверлердің біріне айналды.

    Екі елде де металлургия әлі күнге дейін өңдеу өнеркәсібінің басты бағыты болып отыр. Дегенмен Қазақстанда машина жасау мен жоғары технологиялы өндірістердің үлесі артып келеді. Инвестиция көлемі бойынша Өзбекстан Республикасы  алда тұрғанымен, Қазақстанда инвестиция өсімі қарқынды жүріп жатыр. 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция 28,6%-ға артқан. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан соңғы жылдары өңдеу секторын дамыту қарқынын күшейтіп, өңірдегі өнеркәсіптік бәсекелестікті арттыра түскен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →