Алматыдадағы Райымбек даңғылынан полиция қызметкерлері күдік тудырған ер адамды ұстады. Одан пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Алматы қалалық ПД полиция қызметкерлері күмәнді әрекетімен көзге түскен ер адамды тоқтатып, тексерген.
«Тексеру барысында оның барсеткасының ішінен пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен сапер мамандар шақырылды. Тексеру нәтижесінде тәркіленген заттың оқу-жаттығу гранатасы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды», – деп хабарлады полиция.
Ұсталған ер адам заттарды бұрын тауып алғанын, ал пышақты тұрмыстық қажеттілік үшін өзімен бірге алып жүргенін мәлімдеген. Оның сөзінің растығы тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
