Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты •

    Ұлытау облысында қонақ үйден өрт шықты

    Ұлытау облысында қонақ үйден өрт шықты

    Фото: pixabay

    Ұлытау облысының Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде бес қабатты қонақүйде өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өрт қонақүйдің шатыры мен ішкі жиһаздарын шарпыған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті.

    Құтқарушылар келген кезде ғимараттың шатыры мен жиһаздары ашық жалынмен жанып жатқан. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді.

    ТЖМ мен «Зевс-Энерго» мемлекеттік өртке қарсы қызметі күштерінің көмегімен ғимараттан 40 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

    Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →