Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 $ 455,8 529,4 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дастан Сатпаев «Челси» негізгі құрамына кіре алады — Ислам Чесноков Қарағанды облысында жөндеу кезінде екі теміржолшы токқа түсті Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушыларды қабылдай бастады Қазақстан балуандарының Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды Алматыда 740 грамм салмақпен туған сәби 80 күнде аман-есен үйіне шықты Президент Тоқаев көшпенділер ойындары барысын қадағалап отыр Дастан Сатпаев «Челси» негізгі құрамына кіре алады — Ислам Чесноков Қарағанды облысында жөндеу кезінде екі теміржолшы токқа түсті Арқалық әуежайы 30 жылдан кейін жолаушыларды қабылдай бастады Қазақстан балуандарының Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды Алматыда 740 грамм салмақпен туған сәби 80 күнде аман-есен үйіне шықты Президент Тоқаев көшпенділер ойындары барысын қадағалап отыр

    Жамбыл облысында студент қыз әкесінен ай сайын 100 мың теңге алимент талап еткен

    Жамбыл облысында студент қыз әкесінен ай сайын 100 мың теңге алимент талап еткен

    Фото: diapazon.kz

    Жамбыл облысының Байзақ аудандық соты Жамбыл жоғары медициналық колледжінің күндізгі бөлімінде ақылы негізде оқып жатқан 3-курс студенттің арызын қарап, оның талабын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жамбыл соттарының мәліметіне сүйенсек, бойжеткен ақылы негізде және күндізгі оқу бөлімінде білім алатын болған соң, жұмыс істей алмайтынын, сондықтан, жүріп-тұруына кететін шығынды төлей алмайтынын айтқан.

    Ол туған әкесінен ай сайын 100 мың теңге алимент талап еткен. Бірақ, сотқа келген әкесі қазір бөлек отбасы бар екенін, ол әйелінен кәмелет жасына толмаған екі бала тәрбиелеп отырғанын, ай сайын несие төлейтінін айтып, «ақталған».

    «Сот іс материалдарын жан-жақты зерттеп, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің талаптарына сәйкес, ата-аналары күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларды материалдық жағынан қамтамасыз етуге міндетті екенін назарға алды. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын, жауапкердің асырауындағы өзге де адамдардың болуын және істің басқа да мән-жайларын ескерді. Осыларды ескерген сот әкені 2026 жылғы қаңтардан 2027 жылғы қазанға дейін оқу кезеңіне ай сайын 35 мың теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндеттеді», — деп жабарлайды Жамбыл соттары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →