Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді

    «Балаларыма тиесілі дүниені қайтарсын!»: Шавкат Рахмоновтың экс-әйелі мүлікке таласуын тоқтатар емес

    «Балаларыма тиесілі дүниені қайтарсын!»: Шавкат Рахмоновтың экс-әйелі мүлікке таласуын тоқтатар емес

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде отбасына қатысты кезекті мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, балаларына тиесілі пәтер мен басқа да мүліктер әлі күнге дейін қайтарылмаған. Осыған байланысты ол Instagram Stories парақшасында бұрынғы енесіне ашық үндеу жолдады.

    Гүлайым мәселені заң аясында және бейбіт түрде реттеуге дайын екенін айтып, адвокаты арқылы келіссөз жүргізуді ұсынды. Сонымен қатар, егер байланыс болмаса, «тиісті орындарға жүгінетінін» мәлімдеді.

    «Осы уақытқа дейін құрсағымдағы балам үшін үндемей, сабырмен күттім. Шавкаттың анасы менің пәтерімді және балаларға тиесілі дүниелерді қайтарсын! Мен ұлын қайтардым, енді ол пәтерді қайтарсын! Менің адвокатыммен байланысып, бәрін бейбіт түрде шешейік. Әйтпесе менің де жоғалтатын ештеңем жоқ (маған қатысты қорлайтын видеолар, жазбалар мен суреттер бар). Ал менің уақытым жоқ, балаларымды асырауым керек. Сіздердің кесірлеріңізден балалар аш отыр, дәрі-дәрмек алуға да шамамыз жетпейді. Ертең хабарласасыздар деп үміттенемін. Егер хабар болмаса, көпшілік алдында тиісті органдарға жүгінемін. Мен сіздің мені бақылап, бәрін оқып отырғаныңызды білемін», – деп жазды ол.

    Еске салайық, Гүлайым Рахмонова соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жеке өмірі мен Шавкат Рахмоновпен арадағы қарым-қатынасына қатысты түрлі жазбалар жариялап келеді. Ол бұған дейін де қоғам назарын аудартқан бірнеше мәлімдеме жасаған болатын.

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →