Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді

    Қылмысы көп қала: Алматыда 12 жастағы ұлды пышақтап өлтіріп кетті

    Қылмысы көп қала: Алматыда 12 жастағы ұлды пышақтап өлтіріп кетті

    Фото: әлеуметтік желіден
    Алматыда 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Әлеуметтік желілерде жарияланған мәліметтерге сәйкес, балаға 13 жастағы екі жасөспірім тоғыз жерден пышақ жарақатын салған. Қайғылы жағдай 10 маусым күні Түрксіб ауданында болған.

    Қанды оқиғаға қатысты Алматы қаласының полициясы ресми түсініктеме берді.

    Полиция департаментінің мәліметінше, аталған қылмысты жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол марқұммен бұрыннан таныс болған.

    Алдын ала анықталғандай, қайғылы оқиға кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжалдың салдарынан болған. Қазіргі уақытта күдікті арнайы мекемеге орналастырылды.

    Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде.

    Сондай-ақ тергеу қорытындысы бойынша баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →