Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды • Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды • Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді •

    Күмәнді аударымдар: 115 мың қазақстандықтың мобильді аударымдарына қатысты тексеріс басталады

    Күмәнді аударымдар: 115 мың қазақстандықтың мобильді аударымдарына қатысты тексеріс басталады

    Фото: depositphotos.com

    Қазақстанның қаржы министрлігі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп мобильді аударымдарға жүргізілген аудитті аяқтады. Тексеру нәтижесінде 115 мың азаматтың қаржылық операциялары күмәнді деп танылды, деп хабарлайды 24KZ-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Қаржы министрі Мади Такиевтың   айтуынша, тексеруге көбінесе төлемдерді кассалық аппаратсыз жеке банк карталары арқылы қабылдайтын такси жүргізушілері мен курьерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ілінген. 67 мың жеке тұлғаның банк карталарына шамамен 670 миллиард теңге түскен.  Олардың шоттары арқылы жалпы көлемі 1 триллион теңгеден асатын қаражат өткен.

    Сондай-ақ,  7,8 мың Қазақстан азаматы емес тұлға да салық органдарының бақылауына алынған. Ал, ресми тіркелген жеке кәсіпкерлердің үлесіне небәрі 200 миллиард теңге тиесілі болған. Салық органдарынан хабарлама алу айыппұл салынды дегенді білдірмейді.  Азаматтарға қаражаттың қайдан түскенін түсіндіру үшін 30 жұмыс күні беріледі.

    Егер ақша туыстардан келген көмек, қарыздың қайтарымы немесе ортақ қажеттіліктерге жиналған қаражат болса, оны дәлелдейтін құжаттар мен хат алмасуларды көрсету жеткілікті. Ал жеке картаға қызмет көрсеткені үшін тұрақты төлем қабылдаған азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысушы ретінде танылып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге міндеттелуі мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →