Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды •

    Адам санын арттыру: Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

    Адам санын арттыру: Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

    8 маусым Алматыда Сиань қаласының (ҚХР) туристік әлеуетін таныстыруға арналған «Мыңжылдық көне астана – Чанъаньға қош келдіңіздер» атты іс-шара өтті. Басқосу Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, туристік сала және бизнес өкілдерінің басын қосты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Таныстырылым барысында қатысушыларға Сиань қаласының туристік бағыттары, мәдени мұрасы мен туристік әлеуеті, сондай-ақ екі қала арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері таныстырылды. Бағдарлама аясында мәдени өнер қойылымдары көрсетіліп, екі елдің туристік индустрия өкілдері арасында B2B форматындағы кездесу ұйымдастырылды.

    Іс-шараның маңызды оқиғаларының бірі «Қытай – Орталық Азия» халықаралық мәдени-туристік пойызы бойынша тұрақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болды. Құжатқа Сиань қаласының Мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Чжао Фэн мен Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Ещанова қол қойды.

    Бұл іс-шара Алматы мен Сиань арасындағы туристік, мәдени және гуманитарлық байланысты нығайтудағы кезекті маңызды қадам болды. Сондай-ақ, бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара туристер санының артуына ықпал етеді.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →