Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қордайдағы қайғылы апат: Трассада Lexus пен Tank 500 соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО) «Баянның түсінігі мол»: экс-әйелімен татуласқан Тұрсын Алагөзов екі отбасымен бірге демалып жүр (ВИДЕО) Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО) Қордайдағы қайғылы апат: Трассада Lexus пен Tank 500 соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО) «Баянның түсінігі мол»: экс-әйелімен татуласқан Тұрсын Алагөзов екі отбасымен бірге демалып жүр (ВИДЕО) Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО)

    «Қара болса да…»: Жәкішевтің құдағиы желідегі пікірге қатысты үн қатты

    Кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің құдағиы әлеуметтік желідегі терісінің түсіне қатысты жазылған пікірге жауап беріп, қоғамда қызу талқы тудырды.

    «Қара болса да…»: Жәкішевтің құдағиы желідегі пікірге қатысты үн қатты

    Сурет: ult.kz

    Белгілі кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің құдағиы әлеуметтік желідегі пікірге қатысты жауап берді. Желі қолданушысының оның отбасының терісінің түсін тілге тиек етуі қоғамда қызу талқы тудырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлеуметтік желідегі суретке пікір қалдырған қолданушылардың бірі жас жұбайларға ақ тілегін білдіре отырып: «Өздері қара болса да, құдаларымыздың жүректері әппақ екені көрініп тұр», – деп жазған. Сонымен қатар ол екі отбасының татулығын тілеп, жаңа түскен келіннің бақытты болуын сұраған.

    Алайда бұл пікірге Мұхтар Жәкішевтің құдағиы ағылшын тілінде жауап берген. Ол: «“Even though they are black…” I’m not sure whether to laugh or cry» («“Қара болса да…” деген сөзді оқып, күлейін бе, жылайын ба білмеймін»), – деп таңданысын білдірген.

    Оның бұл жауабы желіде үлкен пікірталас туғызды. Пайдаланушылардың бір бөлігі қазақ тіліндегі «қара» сөзінің бұл тұрғыда жағымсыз мағынасы жоқ екенін, «қарапайым» дегенді білдіретінін айтса, екінші тарап адамның сыртқы келбеті мен терісінің түсіне назар аударудың орынсыз екенін алға тартты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →