Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Армениядағы сайлау: Пашинян партиясы жеңіске жеткенін жариялады

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян «Азаматтық келісім» партиясының парламент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді. Ол үкіметті дербес құрайтынын айтты.

    Армениядағы сайлау: Пашинян партиясы жеңіске жеткенін жариялады

    Сурет: inform.kz

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян өзі басқаратын «Азаматтық келісім» партиясының парламент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді. Саясаткер бұл туралы сайлауалды штабта өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Премьер-министр мәлімдеме жасаған сәтте Арменияның Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдерді санауды әлі толық аяқтамаған еді. Дегенмен Никол Пашинянның сөзінше, дауыс беру нәтижелері оның партиясына үкіметті дербес құруға толық мүмкіндік береді.

    «Бұл – Армения Республикасының тұрақтылығы мен одан әрі дамуын қамтамасыз ететін тарихи жеңіс. Елімізде берік институционалдық бейбітшілік орнайды», – деп атап өтті үкімет басшысы. Ол сондай-ақ елде сайлаудан кейінгі саяси тұрақсыздыққа жол берілмейтінін айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →