Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Зеленский Путинге соғысты тоқтатуды ұсынып, келіссөзге шақырды

    Украина Президенті Владимир Зеленский Владимир Путинге үндеу жолдап, соғысты тоқтату үшін бейтарап елде кездесуді ұсынды. Келіссөз шарттары қандай?

    Зеленский Путинге соғысты тоқтатуды ұсынып, келіссөзге шақырды

    Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинге соғысты тоқтату туралы ұсыныс жасап, екіжақты келіссөздер жүргізуге шақырды. Үндеуде кездесуді Мәскеуде немесе Киевте емес, Швейцария, Түркия немесе араб елдері сияқты бейтарап аумақта өткізу мүмкіндігі айтылған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Зеленский өз үндеуінде соғыстың басты себебі геосаясат немесе НАТО емес, Путиннің жеке билігі екенін алға тартады. Ол Ресей басшысын елді Солтүстік Кореядан әскери көмек алуға және Қытайға экономикалық тұрғыдан тәуелді болуға мәжбүр етті деп айыптады. Сондай-ақ Украинада күтілген ішкі бүліктің орнына, Ресейдің өз әскери қолбасшысының көтеріліс жасағаны еске салынды.

    Хатта Украина қарулы күштерінің соққылары күшейгені, тек мамыр айында Ресей тарапынан 30 мыңнан астам сарбаздың жойылғаны жөнінде мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, украин барлауы Ресейдің соғысты 2027-2028 жылдарға дейін созуды және оған Беларусь пен Приднестровьені тартуды жоспарлап отырғанын, алайда Киевтің мұндай сценарийге дайын екенін мәлімдеді.

    Келіссөздерді бастаудың негізгі шарттары ретінде ұрыс қимылдарын қазіргі майдан шебі бойынша тоқтату ұсынылады. Бұған қоса, жаппай тұтқын алмасу және Украинадан әкетілген балаларды қайтару дипломатиялық процестің ауқымын кеңейтетіні атап өтілген.

    Сөзінің соңында Украина Президенті Ресейдің қыста энергетикалық инфрақұрылымға жасаған шабуылдарына қарамастан, украин халқының төзімділік танытқанын жеткізді. Ол соғысты тоқтату немесе жалғастыру Ресей басшысының таңдауында екенін, бірақ Украинаның дипломатияға да, Отанын қорғауға да дайын екенін баса айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →