Димаш Құдайберген ҰҚК шекара заставасына не мақсатпен барды?

Димаш Құдайберген ҰҚК шекара заставасына не мақсатпен барды?

Сурет: orda.kz

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматы облысында орналасқан ҰҚК-нің «Баянқол» шекара заставасына барды. Әнші сапары барысында офицерлермен және әскери қызметшілермен кездесіп, мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Димаш Құдайберген сондай-ақ застава аумағында түсіріліп жатқан «Таймас» көркем фильмінің түсірілім барысымен танысқан. Бұл кинотуынды шекарашы мен оның қызметтік итінің достығы туралы баяндайды.

Ведомство өкілдері танымал орындаушының бұл сапары бөлімшенің жеке құрамына үлкен қолдау болғанын атап өтті. ҰҚК-де мұндай іс-шаралар мемлекеттік шекарада қызмет ететін әскерилердің моральдық-психологиялық ахуалын және жауынгерлік рухын көтеруге ықпал ететінін мәлімдеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика