Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді – Мемлекет басшысы • «Бұл – өркениетіміздің аман қалуына қатысты мәселе»: Тоқаев экологиялық сын-қатерлер туралы айтты • Нидерланд чемпионы Шон Ниволд Қазақстанды өз үйім деп атады •

    Алматыда тағы да жер сілкінді: Дүмпу Қытай шекарасынан жетті

    4 маусым күні кешке Алматы тұрғындары жер дүмпуін сезінді. Алдын ала мәлімет бойынша, магнитудасы 5,8 болған жер сілкінісінің эпицентрі Қытайда орналасқан.

    Алматыда тағы да жер сілкінді: Дүмпу Қытай шекарасынан жетті

    Сурет: tengrinews.kz

    Алматы тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді. 4 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 21:19-да эпицентрі Қазақстан мен Қытай шекарасына жақын орналасқан жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сейсмологиялық сервистің алдын ала мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,8-ді құрады. Оның ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 316 шақырым жерде, Қазақстан мен Шыңжаң шекарасы маңында болған. Жер сілкінісінің тереңдігі – 7 шақырым.

    Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде дүмпудің қысқа мерзімді болғанын, әсіресе жоғарғы қабаттарда айқынырақ сезілгенін жазуда. Осы сәтке дейін Қазақстанның сейсмологтары мен Төтенше жағдайлар министрлігінен ресми ақпарат келіп түскен жоқ. Зардап шеккендер мен қираулар туралы деректер жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →