Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    30 жыл өткен соң: БҚО-да топтық зорлау ісі бойынша тергеу басталды

    Батыс Қазақстан облысында 30 жыл бұрын болған топтық зорлау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің үндеуінен соң полиция тергеу бастады.

    30 жыл өткен соң: БҚО-да топтық зорлау ісі бойынша тергеу басталды

    Сурет: sn.kz

    Батыс Қазақстан облысында 30 жыл бұрын жасалған зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 120-бабы («Зорлау») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы жәбірленушінің әлеуметтік желідегі үндеуінен кейін белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлеуметтік желіде үндеу жариялаған Наташа Қалымбетованың айтуынша, 1994 жылы 17 жасында оны төрт ауылдасы зорлаған. Ол сол кезде қорқыныш пен қоғамдық сөгістен сескеніп, полицияға арызданбағанын жеткізді. Осы оқиғадан кейін дүниеге келген қызын ол Оралдағы балалар үйіне уақытша орналастыруға мәжбүр болған. Анасы үш жыл бойы баласымен байланыста болғанымен, кейіннен қыздың ізі білінбей кеткен.

    Жақында жәбірленуші қызының ресми түрде шетелдік азаматтарға асырауға берілгенін анықтаған. Құжат бойынша оған Анжелика-Николь Боук деген қос есім беріліп, АҚШ немесе Еуропа елдерінің біріне әкетілген болуы мүмкін. Қазіргі уақытта 20 жастағы ұлды тәрбиелеп отырған ананың басты мақсаты – қызының дін-аман екенін біліп, оны өз еркімен тастамағанын түсіндіру.

    Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл іс бойынша пікір білдірді. Оның сөзінше, жыныстық тиіспеушілікке қатысты қылмыстардың ескіру мерзімі болмайтындықтан, іс дереу тергеуге алынған. «Құқық бұзушылықтың ескіру мерзіміне қарамастан қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, оның мән-жайын жария ете алмаймыз. Қажетті тергеу әрекеттері аяқталған соң міндетті түрде қосымша ақпарат беріледі», – деді Әділов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →