Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үш әйелді зорлағаны үшін 124 жылға сотталған Эндрю Ластер 20 жылдан кейін босатылды • FlyArystan ұшағы Павлодарға 300 шақырым жетпей кері қайтты • Шымкентте газдан уланған екі бала қайтыс болды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Үш әйелді зорлағаны үшін 124 жылға сотталған Эндрю Ластер 20 жылдан кейін босатылды • FlyArystan ұшағы Павлодарға 300 шақырым жетпей кері қайтты • Шымкентте газдан уланған екі бала қайтыс болды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды •

    Шетелге қыдырған қыздың шері: Бангкоктан ұшып келген турист 16 жылға сотталды

    Шетелге қыдырған қыздың шері: Бангкоктан ұшып келген турист 16 жылға сотталды
    Фото: Polisia.kz

    Жамбыл облысының 23 жастағы тұрғыны Алматы халықаралық әуежайы арқылы шамамен тоғыз келі гашиш майын заңсыз алып өткені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info. 

    Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қыз 2025 жылдың желтоқсан айында Бангкок- Алматы рейсімен ұшып келгеннен кейін ұсталған. Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері оның жүгін тексеру барысында чемоданынан жалпы салмағы 8 келі 879 грамм болатын есірткі заты – гашиш майын тапқан.

    Осы факті бойынша көліктегі полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізді.

    Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, тергеу барысында күдіктінің алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткені және ақшалай сыйақы үшін есірткі заттарын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз тасымалдауға келіскені анықталған.

    «Күдікті өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін және оның құқықтық салдарын түсіне отырып, алдын ала сөз байласу арқылы ақшалай сыйақы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз алып өтуге, сондай-ақ оларды аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында сақтауға және жөнелтуге келіскен», – деп хабарлады полиция.

    Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →