«Қасым-Жомарт Тоқаевты сағындым» деген сөзімен танымал болған астаналық Әміреге Мемлекет басшысының атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңындағы сый-сияпатты Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жеткізді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Әміренің LRT-ға алғаш мінген сәтінде түсірілген видеосы тараған болатын. Онда ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді армандайтынын айтқан. Баланың шынайы лебізі көпшіліктің назарын аударып, жылы лебіздерге ие болған еді.
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек мұндай оқиғалар балалардың арманына қанат бітіріп, олардың жақсылыққа деген сенімін нығайтатынын атап өтті. Ол бұл сәттің балаларға өмірдің қарапайым қуаныштарын бағалауға үйрететінін жеткізді.
View this post on Instagram
