Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты

    Елена Рыбакина «Ролан Гарросты» ерте аяқтады

    Елена Рыбакина «Ролан Гарросты» ерте аяқтады

    Фото: ҚТФ

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы өнерін күтпеген жерден ерте аяқтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцеваға жол берді. Үш сетке созылған тартысты кездесуде Рыбакина 3:6, 6:1, 6:7 есебімен жеңіліс тапты.

    Осылайша, Қазақстанның басты үміті саналған теннисші жарысты мерзімінен бұрын аяқтаса, Стародубцева турнирдің үшінші айналымына шықты.

    Айта кетейік, Елена Рыбакина «Ролан Гарросты» сенімді бастаған еді. Алғашқы айналымда ол словениялық Вероника Эрьявецті 6:2, 6:2 есебімен айқын басымдықпен жеңген болатын.

    Рыбакинаның Франция ашық чемпионатындағы әзірге ең жоғары нәтижесі — ширек финал. Қазақстандық теннисші бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары дейін жеткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →