Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты •

    Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевті құттықтады

    Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевті құттықтады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиев пен әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

    – Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →