Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • «Семей» мен «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-оффына шықты • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • «Семей» мен «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-оффына шықты •

    Алматыда дәрігерді соққыға жыққан әйелдің видеосы желіге тарады

    Алматыдағы балалар ауруханасында әйел дәрігерге қол көтерді. Медицина қызметкерін соққыға жыққан сәт бейнебақылау камерасына түсіп, видеосы әлеуметтік желіге тарады.

    Алматыда дәрігерді соққыға жыққан әйелдің видеосы желіге тарады

    Алматыдағы қалалық клиникалық балалар жұқпалы ауруханасында әйел адамның кезекші дәрігерге қол жұмсаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Әлеуметтік желіде тараған видеода ана мен медицина қызметкері арасындағы жанжалдың төбелеске ұласқаны анық көрінеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға 31 мамырға қараған түні болған. Кадрлардан әйелдің дәрігерді бірнеше рет соққыға жыққанын байқауға болады. Арадағы жанжалды аурухананың басқа қызметкерлері мен пациенттердің ата-аналары тоқтатқан. Бұл оқиға қоғамда дәрігерлердің қауіпсіздігі мен кәсіби мәртебесін қорғау мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.

    Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан кейін әйел әлеуметтік желіде өзін жәбірленуші ретінде көрсетіп, жазба жариялаған. Ал желі қолданушыларының басым бөлігі кез келген жағдайда медицина қызметкеріне күш көрсетуді айыптап, пікір қалдыруда. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тарапынан оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →