Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты Челси ойыншы нөмірлерін жариялады: Сатпаев 36-нөмірді алды Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыда кездесті Абай облысы полицейлері шетелдік туристерден алғыс алды Алматы полициясы 5 600 түсініктеме енгізіп, 278 лауазымды тұлғаны жауапқа тартты Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты Челси ойыншы нөмірлерін жариялады: Сатпаев 36-нөмірді алды Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Омбыда кездесті Абай облысы полицейлері шетелдік туристерден алғыс алды Алматы полициясы 5 600 түсініктеме енгізіп, 278 лауазымды тұлғаны жауапқа тартты

    Маңғыстауда құтқарушылар Ұлыбританиядан келген туристерді құмнан шығарып алды

    Маңғыстау облысында ТЖМ құтқарушылары Тұзбайыр шатқалында көлігі батып қалған Ұлыбританиядан келген отбасын бір тәулікке созылған операциядан кейін құтқарды.

    Маңғыстауда құтқарушылар Ұлыбританиядан келген туристерді құмнан шығарып алды

    Маңғыстау облысында көлігі сортаң жерге батып қалған Ұлыбритания азаматтарына ТЖМ құтқарушылары көмек көрсетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 пультіне Маңғыстау ауданындағы Тұзбайыр шатқалы маңында шетелдіктер мінген көліктің қозғала алмай тұрғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына дереу құтқарушылар аттанған. Автокөлікте Ұлыбританияның екі ересек азаматы және 12 жастағы бала болған.

    Жер бедерінің күрделілігі мен тұтқыр топыраққа байланысты көлікті шығару жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылған. Нәтижесінде құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көлікті қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккендер жоқ, туристер медициналық көмекке мұқтаж болмады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →