Атыраудағы қырғын: Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық денсаулығы әлі де белгісіз
Атыраудағы қанды қырғынға қатысты сотта жәбірленуші Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық жағдайына қатысты сарапшылар нақты диагноз қоя алмады. Оған қосымша бақылау ұсынылды.
Фото: ашық дереккөзден
Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесінде жәбірленуші тарап Ақбаян Мұқанғалиеваның психологиялық жағдайына қатысты нақты диагноз әлі қойылған жоқ деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, жәбірленуші алдымен Атырауда тексеруден өтіп, кейін Алматыдағы стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасына жіберілген. Алайда мамандар нақты қорытынды шығара алмай, оған «әрі қарай бақылау және нақтылау диагностикасын жүргізу» қажеттігін ұсынған.
