Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты

    «Зардап шеккендер бар»: Балқаштағы дәмханалардың бірінде атыс болды

    «Зардап шеккендер бар»: Балқаштағы дәмханалардың бірінде атыс болды

    Балқаштағы дәмханалардың бірінде жанжал болып, соңы атыспен аяқталды. Мекеме қызметкері жарақат алды, деп  хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға Қарағанды облысының Балқаш қаласында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханаға келген таныс адамдар арасында  жанжал туындап, ол кейін төбелеске ұласқан.

    Жанжал кезінде травматикалық қару қолданылған.
    Салдарынан дәмханада жұмыс істейтін әйел қызметкер оқ жарақатын алған. Дәрігерлер оның жарақатының жеңіл екенін айтқанымен, нақты жағдайы әзірге жарияланған жоқ.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктілердің жеке басы анықталғанын мәлімдеді. Қазір оларды ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
    Тергеу барысы Қарағанды облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →