Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін

    «Ауруханада көз жұмды»: Ақ үй маңында атыс болды

    «Ауруханада көз жұмды»: Ақ үй маңында атыс болды

    Фото: REUTERS/Nathan Howard

    Вашингтонда Ақ үй маңында атыс болып, қарулы күдікті Құпия қызмет агенттеріне оқ жаудырған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. Бұл туралы АҚШ Құпия қызметі мәлімдеді.

    ВВС-дің хабарлаынша, оқиға жергілікті уақытпен кешкі сағат 18:00 шамасында 17-ші көше мен Пенсильвания даңғылы қиылысында болған. Мәліметке сәйкес, ер адам сөмкесінен қару алып, оқ ата бастаған. Қауіпсіздік қызметі жауап ретінде оқ атып, күдіктіні жаралаған. Кейін ол ауруханада көз жұмды.

    Атыс салдарынан тағы бір кездейсоқ өтіп бара жатқан адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Құпия қызмет агенттері зардап шекпеген.

    CBS News деректеріне сүйенсек, оқиға кезінде 15-тен 30-ға дейін оқ атылған. Куәгерлер бірнеше дүркін атыс дауысын естігенін айтқан.

    Оқиға кезінде президент Дональд Трамп Ақ үйде болған. Алайда Құпия қызмет бұл жағдай президент қауіпсіздігіне әсер етпегенін хабарлады.

    Атыстан кейін Ақ үй маңындағы көшелер жабылып, ауданға ондаған полиция қызметкері, ФБР агенттері мен жедел қызмет өкілдері жұмылдырылды. Ақ үй уақытша карантин режиміне жабылып, кейін шектеу алынды.

    Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →