Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Сағыныштан жаралғандаймын»: Роза Әлқожа ішіндегін ақтарды «Қазақмыс» экологиялық жаңғыртуға 829,6 млрд теңге инвестиция салады Құтқару жұмысы баяу: Венесуэла билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар санынан жаңылды Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ Ақтаудың арсызы: көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек 20 күнге қамалды Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды «Сағыныштан жаралғандаймын»: Роза Әлқожа ішіндегін ақтарды «Қазақмыс» экологиялық жаңғыртуға 829,6 млрд теңге инвестиция салады Құтқару жұмысы баяу: Венесуэла билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар санынан жаңылды Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ Ақтаудың арсызы: көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек 20 күнге қамалды Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды

«Оларды қиын кезең күтіп тұр»: Трамп Тегеранға сес көрсетті

«Оларды қиын кезең күтіп тұр»: Трамп Тегеранға сес көрсетті

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қатысты жаңа қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Бұл туралы ол  америкалық лидер француздың BFMTV телеарнасына берген телефон сұхбатында айтты.  Ол егер Тегеран Вашингтонмен келісімге келмесе, салдары ауыр болатынын ескертті.

Трамптың айтуынша, ол Тегеранның ымыраға келуге дайын-дайын емесін білмейді. Алайда келісімнен бас тарту Иран билігі үшін үлкен проблемаға айналатынын атап өтті.

«Олар келісімге келе ме, жоқ па — білмеймін. Бірақ келіспесе, оларды өте қиын кезең күтіп тұр, өте қиын кезең. Олар үшін келісімге келген дұрыс», — деді АҚШ президенті.

Ақ үй басшысы келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда нақты қандай шаралар қабылдануы мүмкін екенін айтпады. Оның мәлімдемесі Иран төңірегіндегі шиеленіс әлі де басылмай тұрған және Вашингтон Тегеранның ядролық бағдарламасы мен өңірлік саясаты бойынша жаңа форматтағы келісімге қол жеткізуге тырысып жатқан тұста айтылды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика