Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі •

    6,7 мың жаңа жұмыс орны: Алматы экономикасына 476 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

    6,7 мың жаңа жұмыс орны: Алматы экономикасына 476 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда жалпы инвестиция көлемі 476,9 млрд теңге болатын 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өкілдері айтты.

    Жаңа жобалар өңдеу өнеркәсібі, туризм, денсаулық сақтау, көлік және логистика секілді негізгі салаларды қамтыды. Соның нәтижесінде қалада 6,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Жалпы инвестицияның басым бөлігі 440,5 млрд теңгеге тең алты ірі жобаға тиесілі. Бұл бастамалар өндірістік қуатты арттырып, өнеркәсіп әлеуетін күшейтуге және жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік берді.

    2026 жылы инвестициялық саясат жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, импортты алмастыруға және индустриялық инфрақұрылымды кеңейтуге бағытталмақ.

    Негізгі жобалардың арасында «Алатау» ИТП» АЭА аумағында Viva Pharm компаниясы салып жатқан толық циклді фармацевтикалық зауыт бар. Кәсіпорын жылына 200 млн таблеткаға дейін өндіре алады.

    Сондай-ақ, Алматы индустриялық аймағында Sapa Industry Group автоклавты жеңіл бетон шығаратын зауыт құрылысын жүргізіп жатыр. Мұнда жыл сайын 50 мың текше метр қабырға панельдері мен 150 мың текше метр газоблок өндіріледі.

    CA-International компаниясы жылына 4 мың тоннадан астам өнім шығаратын табақты поливинилхлорид өндірісін іске қоспақ.

    Бұған қоса, NARPRINT компаниясы тұрмыстық және шаруашылыққа арналған қағаз өнімдері мен жапсырма өнімдерін шығаруды қолға алады. Жоспарланған өндіріс көлемі жылына шамамен 830 тонна.

    Басқарма өкілдерінің айтуынша, жаңа өндірістердің іске қосылуы қосымша жұмыс орындарын ашып, қаланың өнеркәсіптік әлеуетін кеңейтіп, Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →