Коллаж: Sn.kz
Қазақстандық актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова жаңа фотосессиясымен желі қолданушыларын сүйсінтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Әнші әрі актриса Жанар Айжанованың қызы бұл жолы ерекше нәзік әрі талғампаз образды таңдаған. Айжұлдыз қара түсті корсетті көйлек киіп, оны ұзын шифон жеңдермен және сәнді әшекейлермен үйлестірген. Жеңіл макияж бен әдемі шаш үлгісі оның образын толықтыра түскен.
Желі қолданушылары актрисаның сымбатты мүсіні мен келбетін жоғары бағалап, оны жас кезіндегі анасына қатты ұқсатқан.
“Мамасының аузынан түскендей”, “Өте сұлу”, “Жанар Айжанованың жас кезіндегі көшірмесі”, “Нәзік әрі ерекше образ” деп жазды желідегілер.
Алайда желіде сын айтқандар да табылды. Кейбір қолданушылар актрисаның таңдаған образына қатысты пікір білдіріп, тым ашық деп бағалаған.
“Аяғын сонша ашқаны несі?!”, “Мұндай образ өзіне жараспайды”, “Әдемі, бірақ тым ашық сияқты” деп жазды желі қолданушылары.
