Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жан гүлім, сән гүлім»: Гүлзира Айдарбекова екінші келіні туралы жазды «Әкімдіктен күтпедім»: Өскемен тұрғыны қаладағы шұңқырларды өзі жамап жүр Төтенше жағдайда әр минут маңызды: Қазақмыс медпункттерін жаңғыртып жатыр «Жол жоқ, құрылыс қараусыз жатыр»: Алматыдағы тұрғындар құрылыс компаниясына шағымданды Астанада жиһаз алаяқтары көбейген: үйін жаңаламақ болған 19 адам миллиондаған ақшаға алданып қалды Таразда оқушылар көлікке тапталуы мүмкін: халық жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына шағымданды «Жан гүлім, сән гүлім»: Гүлзира Айдарбекова екінші келіні туралы жазды «Әкімдіктен күтпедім»: Өскемен тұрғыны қаладағы шұңқырларды өзі жамап жүр Төтенше жағдайда әр минут маңызды: Қазақмыс медпункттерін жаңғыртып жатыр «Жол жоқ, құрылыс қараусыз жатыр»: Алматыдағы тұрғындар құрылыс компаниясына шағымданды Астанада жиһаз алаяқтары көбейген: үйін жаңаламақ болған 19 адам миллиондаған ақшаға алданып қалды Таразда оқушылар көлікке тапталуы мүмкін: халық жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың жоқтығына шағымданды

    Ақтауда 7 жасар баланың басы қақ жарылып қалған

    Ақтауда 7 жасар баланың басы қақ жарылып қалған

    Ақтауда дәрігерлер басына темір құбыр құлаған 7 жастағы баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлады.

    Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дерегінше, Құрық ауылынан келген бала 10 мамыр күні ауыр жарақатпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Оқиға салдарынан оның басына темір құбыр құлаған. Дәрігерлер науқастың жағдайын аса ауыр деп бағалаған.

    Тексеру барысында балаға ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің көп жарықшақты жаншылып сынуы, ми жарақаты, пневмоцефалия, ликворея, мидың қатты ісінуі, ауыр травмалық шок және постгеморрагиялық анемия диагноздары қойылды.

    Дәрігерлер екі сағаттан астам уақытқа созылған күрделі ота жасап, бас сүйегіне трепанация жүргізген. Операция кезінде жаншылған сүйек сынықтары алынып, қатты ми қабығына пластика жасалған.

    Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақталған. Ол есін жиып, өздігінен тамақтанып, ата-анасын тани бастаған. Соған қарамастан, дәрігерлер оның жағдайын әлі де жіті бақылауда ұстап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →