Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады •

    Сапасыз құрылысқа кім жауап береді? Ақмола облысында тұрғын үй опырылып жатыр

    Сапасыз құрылысқа кім жауап береді? Ақмола облысында тұрғын үй опырылып жатыр

    Фото: видеодан скрин

    Ақмола облысы, Державинск қаласында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналып берілген үйдің сиқы жұртты шошытты. «МегаСтройГрупп» ЖШС жөндеуден өткізген ескі ғимарат бүгінде пайдалануға мүлдем жарамсыз болып тұр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Тұрғындар үйдің іші көгеріп, қабырғасынан суық ұрып, шатырынан су сорғалап жатқанына шағымдануда. Тіпті, пәтерлердің бірінде табуретканың аяғы еденді тесіп өтіп, төменгі қабаттағы көршілердің үйінен бір-ақ шыққан. Бұл — құрылыс сапасының қандай деңгейде екенін көрсететін айқын мысал. Тұрғындар әр қадамдарын аңдап басуға мәжбүр, себебі еденнің қай жерінен ортасына түсіп кететіндерін білмейді.

    Шенеуніктер болса, мердігер мамыр айының соңына дейін барлық кемшіліктерді реттейді деп сендіріп әлек. Алайда халықтың мұндай «қағаздан жасалған» үйде тұруға деген қорқынышы басылар емес. Жауапты органдар мен облыс әкімдігі бұл мәселені бақылауға алғанымен, нәтиже әзірге көңіл көншітпейді. Сапасыз құрылысқа нақты кім жауап беретіні әлі де жұмбақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →