Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты •

    Алматыда масқара оқиға: қызды қорғамақ болған жігітке кастетпен шабуыл жасалды

    Алматыда масқара оқиға: қызды қорғамақ болған жігітке кастетпен шабуыл жасалды

    Фото: видеодан скрин

    Алматыдағы жаяу жүргіншілер көпірінде түсірілген видео әлеуметтік желіні шулатты. Куәгердің айтуынша, қара киінген жігіт қасындағы қызға дөрекілік көрсетіп, қолынан тартып, шашынан сүйреген. Қыздың жылап, қарсылық көрсеткені кадрдан анық байқалған, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Оқиғаға араласқан азамат қызды қорғап қалмақ болған. Алайда агрессивті жігіт оған бұрылып, алдымен бұрыш газын шашқан. Кейін қолына кастет алып, жанжал ушығып кеткені айтылады.

    Зардап шеккен ер адам көзінен және тыныс жолдарынан күйік алғанын мәлімдеген. Желі қолданушылары «мұндай адамдарды қатаң жазалау керек» деп пікір жазып жатыр.

    Ал полиция тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жарияланған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →