Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр •

    Түркияда 27 жастағы қазақ жігіті қаза тапты

    Түркияда 27 жастағы қазақ жігіті қаза тапты

    Фото: iha.com.tr

    Түркияның Анталия қаласында 27 жастағы қазақстандық жігіт қаза тапты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы IHA порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, А.С. басқарған такси сол бағытта келе жатқан 27 жастағы Кубат Аманбеков мінген велосипедпен соқтығысқан. Жол апаты түнгі сағат 03:00 шамасында Серик ауданындағы Белек туристік жолында болған.

    Соққының қатты болғаны соншалық, велосипедші жолға ұшып түсіп, ауыр жарақат алған. Оқиғаны көрген куәгерлер жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.

    Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде Кубат Аманбековтің көз жұмғанын анықтады. Оның бес жұлдызды қонақүйде даяшы болып жұмыс істегені белгілі болды.

    Марқұмның денесі сараптама жүргізу үшін Анталия сот-медициналық сараптама мекемесінің мәйітханасына жеткізілді.

    Ал такси жүргізушісі А.С. түсініктеме беру үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір жол апатына байланысты тергеу басталды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →