Сурет: tengrinews.kz
«Қазгидромет» РМК-сы 9 мамыр, сенбіге арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Орталық аймақтарда желдің екпіні күшейіп, тұман түседі деп күтілуде, ал оңтүстікте ауа температурасы +34 градусқа дейін көтеріледі. Батыс пен шығыста кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Астанада көшпелі бұлтты, уақытымен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +21…+23 градус. Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус. Шымкентте көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +28…+30 градус.
Түркістан қаласында көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус. Қонаевта жауын-шашынсыз, күндіз жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді, ауа +32…+34 градусқа дейін ысиды. Талдықорғанда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, ауа температурасы +30…+32 градус. Қызылордада түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз +28…+30 градус. Таразда жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндіз +28…+30 градусты құрайды.
Еліміздің батысында ауа райы құбылмалы болады. Ақтауда күндіз жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі, ауа температурасы +15…+17 градус. Атырауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз +27…+29 градус. Оралда жауын-шашынсыз, бірақ желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтөбеде бұлтты, уақытымен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндізгі температура +22…+24 градус.
Орталық және солтүстік өңірлерде ауа райы тұрақсыз болады. Қарағанды мен Жезқазғанда жауын-шашын болмайды, бірақ желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Қарағандыда күндіз +25…+27, Жезқазғанда +26…+28 градус жылы. Қостанайда жаңбыр мен найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз +20…+22 градус. Көкшетауда жаңбыр, найзағай, бұршақ, кей уақытта қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Мұнда желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Күндізгі температура +19…+21 градус. Павлодар, Семей және Өскеменде жаңбырлы, күндіз найзағай күтіледі. Ауа температурасы күндіз +26…+30 градус аралығында болады.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жариялағанын айта кеткен жөн.
