9 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады: жаңбыр, бұршақ және 34 градус ыстық

9 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады: жаңбыр, бұршақ және 34 градус ыстық

Сурет: tengrinews.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел тұрады. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +34 градусқа дейін көтеріліп, жазғы жылы ауа райы сақталады деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Астанада күн райы құбылмалы, жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматыда жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +31-33 градусқа дейін ысиды. Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде де ауа райы әртүрлі болады. Түркістан қаласында жаңбыр, найзағай болжанса, Қонаевта жауын-шашынсыз, ең жоғары температура +34 градусқа дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Қызылордада түнде жаңбыр жаууы ықтимал, ал Таразда күн ашық болады.

Еліміздің батысында Ақтау мен Атырауда жаңбыр мен найзағай күтілсе, Оралда жауын-шашын болмайды. Ақтөбеде де жаңбырлы ауа райы сақталады. Орталық аймақтарда, атап айтқанда Қарағанды мен Жезқазғанда күн жауын-шашынсыз, бірақ жел күшейеді.

Солтүстік облыстарда ауа райы тұрақсыз болады. Қостанайда жаңбыр, найзағай, Көкшетауда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Петропавлда бұршақ аралас жаңбыр жауып, дауылды желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал. Шығыс Қазақстанда, яғни Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Астана мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жариялағанын айта кеткен жөн.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика