Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Тарихи күн»: Байқоңырда алғаш рет «Сұңқар» зымыраны ұшырылды

    «Тарихи күн»: Байқоңырда алғаш рет «Сұңқар» зымыраны ұшырылды

    Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

    Байқоңыр ғарыш айлағында алғаш рет  «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінен жаңа буындағы «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы ұшырылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Әлемдегі ең қуатты сұйық отынды зымыран қозғалтқышымен жабдықталған жаңа «Союз-5» зымыраны алғаш рет ұшты. Тарихи сәт –  30 сәуірде  Байқоңыр ғарыш айлағындағы №45 ұшыру алаңында жүзеге асты. Бұрын бұл алаң «Зенит» зымыран-тасығыштар тобына арналған болатын.

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, «Союз-5/Сұңқар» тасығышының техникалық сипаттамалары төмен жер маңы орбитасына 17 тоннаға дейін пайдалы жүкті шығаруға мүмкіндік береді. Зымыран қуатты әрі тексерілген қозғалтқыштармен жабдықталған.

    «Бәйтерек» жобасы — еліміздің жеке заманауи ұшыру инфрақұрылымын пайдалануға көшуіне мүмкіндік беретін стратегиялық жетістік»,– делінген хабарламада.

    Айта кетейік, «Бәйтерек» кешені мен «Союз-5/Сұңқар» зымыраны керосин мен сұйық оттегі сияқты улы емес отынды қолдана отырып, экологиялық таза космонавтиканың болашағын айқындайды. Ғылымды дамыту мен елдің индустриялық әлеуетін нығайту үшін жол ашады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →