«Болашақ» бағдарламасы өзгере ме: шәкіртақы азайып, төлем өсуі мүмкін

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, қазір әлемдегі барлық шәкіртақы жүйесіне талдау жүргізілуде. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Соның негізінде жаңа модель ұсынылуы мүмкін. Алдын ала нұсқалардың бірі – грант санын қысқарту. Үнемделген қаржыны студенттердің ай сайынғы төлеміне бағыттау жоспарда бар. Шәкіртақы көлемі бұрынғыдай ел мен қалаға қарай есептеледі.

Мысалы, Нью-Йоркте оқитындар айына 2200 доллардан бастап алады. Ал басқа штаттарда бұл сома төмен болуы мүмкін. Яғни, болашақта аз студент – бірақ жоғары төлем қағидасы енгізілуі ықтимал.

Қорытынды шешім әзірге қабылданған жоқ, талқылау жалғасып жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика