Продюсер Гүлзира Айдарбекова алда жасалатын ота алдында көңіліндегі қорқынышы мен алаңдаушылығын бөлісті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында соңғы күндері түрлі ой маза бермегенін айтып, оқырмандарынан дұға сұрады.
«Пенде болған соң уайымсыз болмаймыз ғой, бұйыртса өтімді қалдырып, үлкен тастарды алдыртуға жолға шығып жатырмын, ертең ота жасалыну керек. Кеше балаларыммен қыдыруға шығып бара жатып ойлап қоямын, мен неге сонша сәнденіп киініп жатырмын, бой түзеп жатқан жоқпын ба, операция кезінде наркоздан оянбай қалмаймын ба, әр затыма қызығушылықпен, қимастықпен қарап кеттім ба, неге миымды қорқынышты жаман ойлар торлап алды деп, өзімнен-өзім көңілім әр нәрсеге босаумен жүрдім», — деп жазды ол.
Сондай-ақ продюсер түс арқылы белгі бергендей әсер алғанын айтып, күтпеген жерден жұбату сөз естігенін ерекше қабылдаған.
«Түн жарымда @aigul.ag есіме түсті. Алдында түс көріп, историясында Қайраттың мамасын не үшін көргенімді білмеймін, денсаулығына көңіл бөлсінші деп айтқанын, елдер маған көп жіберді. Дайрегіне танымасам да смс жазып, бірақ жауап алмағанмын. Қайта кіріп қарасам смс жазыпты, ватсап нөмірін де жаза кетіпті. Бір Алла ғой ретке келтіруші, бірақ түсі де аяны да тура келетінің қарап жүргенмін. Бәрі жақсы болады деген жылы сөзін естіп қуанып қалдым. Бір ауыз жылы сөз адамға қаншалықты жігер береді десеңші. Көпшілік дұғасын Алла еш қалдырмайды ғой, сіздерде сәттілік тілеп кетіңіздерші, менің өмірімнің бір бөлшегі, бар сырымды ақтарар оқырмандарым!» — деді Гүлзира Айдарбекова.
