Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақ әдебиеті Гуанчжоу кітап көрмесінде таныстырылды Президент ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты «Қаншама ауру таптым»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актерді кешірмейтінін айтты Сәтбаевта 25 мың адам Кеншілер мен байытушылар күнін дүркіретіп атап өтті Бір ай бұрын қазып тастаған: Қарағандыдағы Ерубаев көшесінің жөндеуі неге тоқтап қалды? Қазақ әдебиеті Гуанчжоу кітап көрмесінде таныстырылды Президент ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты «Қаншама ауру таптым»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актерді кешірмейтінін айтты Сәтбаевта 25 мың адам Кеншілер мен байытушылар күнін дүркіретіп атап өтті Бір ай бұрын қазып тастаған: Қарағандыдағы Ерубаев көшесінің жөндеуі неге тоқтап қалды?

    Димаш Құдайберген жас әншіге продюсерлік етпек

    Димаш Құдайберген жас әншіге продюсерлік етпек

    Фото: видеодан скрин

    Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылық жолында жаңа кезеңді бастап, алғаш рет продюсерлік қызметке кіріскенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Өнер иесінің алғашқы продюсерлік жобасы – Қытайдағы Voice Beyond Horizon байқауының жеңімпазы Нұржас Садырбаев. Енді жас орындаушы Димаштың қолдауымен кәсіби деңгейін жетілдіріп, халықаралық сахнаға шығуға мүмкіндік алады.

    Әншінің айтуынша, ол Нұржасты шығармашылық қамқорлығына алып, оның музыкалық бағытта қалыптасуына ықпал етпек. Сондай-ақ 15 жылға жуық уақыт бойы жинаған тәжірибесін енді жас таланттарды дамытуға бағыттайтынын атап өтті.

    «Достар, бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр: Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы жеңімпазы — Нұржас Садырбаевты @sadirbaeeev продюсері есебінде қарамағыма алдым.

    Мен 15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім. Енді сол тәжірибеммен бөлісіп,еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді!

    Осы жолдағы басты күшіміз — біздің қолдауымыз бен бірлігіміз.

    Бүгін студиядағы бірлескен жұмысымыздың көрінісін алғаш рет ұсынғалы отырмын.Ән ресми түрде алдағы аптада жарық көреді.

    Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де менің YouTube арнамда кездесеміз», — деп жазды Димаш Құдайберген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →