Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты •

    Оңтүстік Кореяда жойғыш ұшақтар соқтығысты

    Оңтүстік Кореяда жойғыш ұшақтар соқтығысты

    Фото: Yonhap

    Оңтүстік Корея билігі 2021 жылы екі жойғыш ұшақтың әуеде соқтығысуына ұшқыштардың суретке және бейнеге түсіруі себеп болғанын анықтады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

    Оңтүстік Кореяда жойғыш ұшақтар ұшқыштың бейне түсіруі салдарынан соқтығысты. Оқиға жойғыш ұшақтар Тэгу қаласының орталығында ұшу тапсырмасын орындап жатқан кезде болды.

    Базаға оралып келе жатқанда, жетекші ұшу аппаратының ұшқышы жеке ұялы телефонына суретке түсіре бастады. Мұны байқаған жетекші ұшақ командирі қасында отырған ұшқыштан көршілес ұшақты түсіріп алуын сұрады.

    Бір кезде жетекші ұшу аппаратының ұшқышы кенеттен жоғарылап, кадрға түскісі келіп кіруге тырысып, ұшақты аударды. Бұл маневр қауіп тудырды. Жетекші ұшақ соқтығысуды болдырмау үшін күрт төмендей бастады. Алайда бұл әрекеті сәтсіз аяқталды – F-15K жойғыш ұшақтары соқтығысты.

    Ұшқыштар аман қалды, бірақ соқтығысу ұшақтарды зақымдады. Бұл әскерилерге 880 млн вон (596 мың АҚШ доллары) шығын әкелді. Ұшқыштардың бірі әскери қызметтен кетіп, коммерциялық әуе компаниясына жұмысқа орналасты. Бастапқыда одан залалды толық өтеу талап етілді. Бірақ аудит комитетінің тексерісінен кейін өтемақы сомасы он есе азайтылды.

    Комиссияның шешімімен ұшу кезінде жеке құрылғыларды пайдалануды реттейтін нақты ережелер болмағандықтан кінәнің бір бөлігін ӘӘК қолбасшылығына тағылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →