Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды •

    «Өте жиі жылаймын»: Роза Рымбаева марқұм күйеуін сағынғанын айтты (ВИДЕО)

    «Өте жиі жылаймын»: Роза Рымбаева марқұм күйеуін сағынғанын айтты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева өзінің жан сырымен бөлісті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Өнер иесі «Соңғы рет қашан жыладыңыз?» деген сұраққа жауап берді.

    «Мен өте жиі жылаймын. Сахнада образға кіріп те жылаймын, күйеуімнің басына барып та жылап аламын. Ұмытылмайтын өзімнің жан-жарымсыз бүгін Роза Рымбаева болып тұрар ма едім? Қалай сағынбаймын? Оның деңгейіне жеткен, сол сияқты дәрежесі жоғары адамды мен кездестірмедім, іздемедім де. Күйеуімді ешкім алмастыра алмайды. Ол мәңгі жүрегімде», — деп жауап берді әнші.

    Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

    «Бұл кісі неше ғасыр, жастарды өз іс-әрекетімен, сұлу мінезімен, білімділігімен, көрегенділігімен тәрбиелеп келе жатқан, жарық жұлдыз, тұлға», «Жұмаққа бірге кіруді нәсіп етсін», «Жалғыздық қиын ғой. Роза апай дана ғой, Алла қуат берсін», «Жыламаңызшы Роза апай», — деп жазды оқырмандар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →