Фото: видеодан скрин
Ақмарал Баққараева есімді келіншек өзін белгілі әнші Нұрлан Абдуллинның азаматтық некедегі әйелімін деп таныстырды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Ол әншіні туған баласына көмектеспейді деп айыптады. Бұл туралы ол Ulysmedia.kz YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Арамызда бір ұл бар, алайда қазір далада қалдық, алимент төленбейді, мүлдем көмектеспейді. Ақшасын жас қыздарға шашады», — дейді келіншек.
Қазіргі уақытта Ақмарал сегіз жастағы ұлын өз күшімен өсіріп тәрбиелеп отыр. Ол баласының құқығы үшін соңына дейін күресемін деп бел буып, дәл қазір соттасу үстінде.
«Бандиттерді жалдап, мені қорқытып, өлтірмекші болды. Бір баланы тәрбиелеп жүрген ананы өлтірсе өлтірсін дедім. Құқық қорған органдарына шағымданғанымда мені балағаттап, “сені өзім өлтіремін” деді. Балам сол аудионы естіп, әкесін жек көріп кетті. Балам мектепте мұғаліміне «Менің әкем Нұрлан Абдуллин анамды өлтірмекші. Егер анамды өлтірсе мен де өлемін. Неге әкем анамды өлтіргісі келеді?»,– деп айтыпты. Мен баламды Нұрланның баласы деп айтпаймын. Ол менің балам. Оны жалғыз өзім өсіріп жатырмын»,– деп көзіне жас алды.
