Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Көшпенділер әлем ойындары Бішкек Аренада салтанатты түрде ашылды Франкфурт әуежайында безгектен екі қызметкер қайтыс болды Лионель Месси ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Көшпенділер әлем ойындары Бішкек Аренада салтанатты түрде ашылды Франкфурт әуежайында безгектен екі қызметкер қайтыс болды Лионель Месси ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді

    «Жүнісова, Рымбаева және мен»: Мөлдір Әуелбекова өзін айтып мақтанды

    «Жүнісова, Рымбаева және мен»: Мөлдір Әуелбекова өзін айтып мақтанды
    Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

    Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзін қазақ эстрадасындағы аңыз әншілермен қатар атағандай әсер қалдырып, ел ішінде қызу пікірталас тудырды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Өнер иесі гастрольдік сапарға бүкіл Қазақстанды аралап, жеке концерт беретін қыз әншілердің саны аз екенін айтып, нақты есімдерді келтірген.

    «Гастрольдік сапарға бүкіл Қазақстанды аралап қыз әншілерден жеке концерттермен санаулылар ғана шығады екенбіз. Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Роза Әлқожа, Наркенже және мен. Неге?» – деп жазды әнші.

    Алайда бұл пікір желі қолданушыларының бәріне бірдей ұнай қоймады. Көпшілік әншінің өзін халық әртістерімен бір қатарға қойғанын сынға алды.

    Пікір жазғандардың бірі: «Самооценка мықты, өзін легендалардың қасына қосып» – деп мысқылдаса, тағы бірі: «Маржан Арапбаева, Меруерт Түсіпбаева, Дильназ Ахмадиева… толып жатыр ғой. Өзіңе көп алып қойған сияқтысың» – деп жазған.

    Дегенмен әншіні қолдағандар да табылды. Кейбір желі қолданушылары оның гастрольдік концерттерінің сұранысқа ие екенін айтып, «Әніңіз көп болғандықтан, хит болғандықтан» деп пікір білдірген. Әлеуметтік желідегі бұл жазба аз уақыттың ішінде кең таралып, Мөлдір Әуелбекованың мәлімдемесі шоу-бизнес төңірегіндегі қызу талқыға айналды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →