Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті •

    «Маған кейде қорқынышты…»: Ләйлә Сұлтанқызы өзін алаңдатқан жайтты айтты (ВИДЕО)

    «Маған кейде қорқынышты…»: Ләйлә Сұлтанқызы өзін алаңдатқан жайтты айтты (ВИДЕО)
    Фото: sultankyzy парақшасынан

    Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі қоғамдағы ақпараттың әсері мен бейбіт өмірдің маңызы туралы жазба жариялады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол бүгінгі заманда бір ғана сөздің немесе жазбаның үлкен аудиторияға әсер ететінін атап өтті.

    «Маған кейде қорқынышты… Бір адамның сөзі – миллион адамның жүрегіне үрей салатын заманға келдік.
    Бір пост – бүкіл әлемді дүрліктіре алады.

    Бүгін “соғыс болады”, ертең “әлем құриды” деген сөздер желдей еседі. Бірақ біз ұмытып барамыз:әлемді сөз емес, адамдардың әрекеті өзгертеді», деді ол.

    Сонымен қатар тележүргізуші ана ретінде өз тілегін де жеткізді.

    «Біз – өркениетті бейбіт әлемнің бір бөлшегіміз. Ана ретінде мен бір ғана нәрсені қалаймын, балаларымыздың санасында бейбіт әлем, сенім мен бақыт бұзылмасын», — деп түйіндеді Сұлтанқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →