Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыдағы бұзақылық: Тұрғындарға шабуылдаған шетелдіктер елден шығарылды

    Алматыда қала тұрғындарына шабуыл жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдік жасөспірімдер сот шешімімен елден шығарылды. Оларға елге кіруге де тыйым салынды.

    Алматыдағы бұзақылық: Тұрғындарға шабуылдаған шетелдіктер елден шығарылды
    file_784.jpg

    Алматы соты қала тұрғындарына шабуылдап, қоғамдық орындарда бұзақылық жасаған шетелдік жасөспірімдерді елден шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұған дейін әлеуметтік желіде кәмелетке толмағандар тобының өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, агрессивті әрекет еткені туралы видео тараған еді. Полиция департаменті барлық қатысушыны тез арада анықтап, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қамады.

    Сот шешімімен олар Қазақстан аумағынан шығарылып, елге қайта кіруіне тыйым салынды.

    «Олардың заңды өкілдері бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады полициядағылар.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →