Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

«Бұл – тірі тарих»: Алматыда QR-коды бар «Тәлімгерлер аллеясы» ашылды

Алматыда «Тамырлас» жобасы аясында «Тәлімгерлер аллеясы» пайда болды. Енді әрбір ағашқа бекітілген QR-код арқылы ұстаздың өмірбаянымен танысуға болады.

«Бұл – тірі тарих»: Алматыда QR-коды бар «Тәлімгерлер аллеясы» ашылды
file_777.jpg

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тамырлас» атты бірегей жоба басталды. Ұстаздар мен оқушылар бірігіп, әр ағашында QR-коды бар «Тәлімгерлер аллеясының» іргесін қалады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қалалық білім басқармасы ұйымдастырған шара «Ұрпақтар аманаты — жасыл Алматы» ұранымен өтіп, 5 мыңнан астам педагогті, студент пен оқушыны біріктірді. Инновациялық шығармашылық орталығында қолға алынған бастама аға буынның тәжірибесі мен жастардың жігерін ұштастырған символдық кеңістікке айналды.

Аллеяның басты ерекшелігі – әрбір ағашқа орнатылған арнайы тақтайша. Ондағы QR-кодты сканерлеу арқылы тәлімгердің өмір жолы мен кейінгі буынға қалдырған өсиетін оқуға болады. Осылайша жай ғана жасыл желек емес, ашық аспан астындағы рухани мұражай қалыптасты.

«Бүгін біз «Тәлімгерлер аллеясының» негізін қаладық. Бұл – ұрпақтар арасындағы байланысты бекемдейтін игі іс. Жастар тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет. Егілген ағаш осы құндылықтың белгісі болсын, қаламыз көркейіп, ұрпағымыз парасатты азамат болып өссін», — деді Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова.

Шара барысында «Тәрбие талы» атты эстафета да өтті. Оған ардагер ұстаздар, жас мамандар мен мектеп көшбасшылары қатысып, аға буын өкілдері жастарға ақ батасын берді.

«Бұл жай ғана көгалдандыру шарасы емес, бұл – тірі тарих қалыптастыру. Әрбір ағаштың иесі бар. QR-код арқылы оқушылар ұстаздардың өмір жолымен танысып, олардың өсиетін оқи алады. Бұл – цифрлық дәуірдегі рухани сабақтастықтың көрінісі», — деді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Аралбаев.

«Тамырлас» жобасы тек орталықпен шектелген жоқ. Қаладағы мектептер, балабақшалар мен колледждерде де көгалдандыру жұмыстары қатар жүрді. Ұстаздар мен шәкірттер бірлесіп, өз білім ордаларының ауласын абаттандырып, гүлдер мен ағаштар отырғызды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →