Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

Жамбылдағы сарбаз өлімі: прокуратура рота командиріне айып тақты

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының ісі сотқа жетті. Бас әскери прокуратура рота командирін салғырттық танытты деп айыптайды.

Жамбылдағы сарбаз өлімі: прокуратура рота командиріне айып тақты
file_771.jpg

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қазасына байланысты рота командирі сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бас әскери прокуратура сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты істі сотқа жолдады. Тергеу нұсқасы бойынша, офицерге «қызметке салғырт қарады» деген айып тағылды. Ол бөлімшедегі тәртіп пен қару-жарақты бақылаусыз қалдырған деп саналады.

Сонымен қатар, командир қаза тапқан сарбаздың басқа қызметтестеріне қатысты билігін асыра пайдаланған болуы мүмкін.

Қайғылы оқиға 27 қаңтарда Гвардия гарнизонында болған еді. Сарбаз кезекшілік кезінде оқ тиіп, мерт болды.

Прокурорлар офицердің кінәсіне сенімді болғанымен, оның туыстары бұл айыппен келіспейді.

«Командирдің әрекеті мен сарбаздың өліміне себеп болған оқ атудың арасында тікелей байланыс жоқ», – дейді олар.

Қазіргі уақытта сарбаз өлімінің басқа да мән-жайларын анықтау бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →