Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Тарих ғылымы әлі де әлсіз деңгейде»: Этнограф өз қынжылысын жеткізді (ВИДЕО)

    «Тарих ғылымы әлі де әлсіз деңгейде»: Этнограф өз қынжылысын жеткізді (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    «QASQA JOL» YouTube бағдарламасының бұл аптадағы қонағы – этнограф, белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев. Сұхбат барысында ол Найман руының шығу тегі, Қытаймен байланысы туралы пікірлер мен ДНҚ зерттеулеріне қатысты қоғамдағы көзқарас жайында ойын ортаға салды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Тарихшының айтуынша, қазақ қоғамында тарихи тақырыптарға қызығушылық жоғары болғанымен, кәсіби зерттеулер жеткіліксіз.

    «Бізде тарих ғылымы әлі де әлсіз деңгейде қалып отыр. Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл өтсе де, іргелі, жүйелі зерттеулер толық жүргізілді деп айта алмаймыз. Мұны ашық мойындауымыз керек. Біз “Атамыз Алаш, керегеміз ағаш” деп жиі айтамыз. Бірақ осы сөздің мәніне, тарихи түбіріне терең үңіліп жатырмыз ба? Мысалы, Алаша хан туралы айтсақ, кейбіреулер оны “ала шапан” деген сөзден шыққан деп түсіндіреді. Егер соған сене берсек, онда қазақтың атасы “ала шапан” болғаны ма? Шын мәнінде, “алаша” сөзі көне түркі тілінде жылқыға қатысты ұғымды білдіреді. Түркі халықтарының көпшілігінде бұл сөз жылқы мағынасында қолданылған. Осындай күрделі мәселелерді ғылыми тұрғыда түсіндіретін кәсіби тарихшылар аз болғандықтан, әуесқой пікірлер көбейіп барады», – деді ол.

    Сонымен қатар, Жамбыл Артықбаев қазіргі қоғамда ДНҚ зерттеулеріне шамадан тыс мән беріліп кеткенін атап өтті.

    «Жалпы, мен әуел бастан ДНҚ саласына жақын болған жоқпын. Бұл – биология, генетика ғылымдарының саласы. Ұлт болып қалыптасу – тек биологиялық факторларға байланысты емес, ол – тарихи, мәдени, әлеуметтік үдеріс. “Мен қазақпын” деп отырған адамның ДНҚ-сын зерттеп, одан ұлттың мәнін іздеу – орынсыз әрекет. Қазақтың жеке, ерекше ДНҚ-сы жоқ, бұл барлық халықтарға тән құбылыс. Тарих пен генетиканы бір-бірімен араластыруға болмайды. Бұл өте қауіпті, себебі қате түсініктерге алып келуі мүмкін. ДНҚ зерттеулері медицина үшін қажет, бірақ оны тарихпен тікелей байланыстыру дұрыс емес», – деді тарихшы.

    Ол сондай-ақ Найман руы мен Қытай арасындағы байланыс туралы пікірлерді жоққа шығарды.

    «Наймандар мен қытайлардың арасында тікелей байланыс бар деу – шектен шыққан тұжырым. Найман – қазақ халқының құрамындағы ірі ру-тайпалардың бірі. Ал Қытай – бөлек мемлекет, үлкен өркениет. Екеуін байланыстыру – ғылыми негізі жоқ, үстірт айтылған әңгіме. Мұндай пікірлер қоғамды шатастырады», – деп түйіндеді ол.

    Сарапшының пікірінше, тарихи сананы қалыптастыру үшін ғылыми негізге сүйенген зерттеулерді күшейту және кәсіби тарихшылардың рөлін арттыру қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →