Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Петропавлда тұрғындар қауіпті жолға дабыл қақты • Қаламы қарымды қаламгер: бүгін жазушы Кемел Тоқаевтың туған күні (ВИДЕО) • Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады • «Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар: Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырады  • Петропавлда тұрғындар қауіпті жолға дабыл қақты • Қаламы қарымды қаламгер: бүгін жазушы Кемел Тоқаевтың туған күні (ВИДЕО) • Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы • Премьер-министр Бектенов Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты • Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Қазақстанға тарихи медаль сыйлады •

    «Конкурссыз өткізем»: Ақтөбеде ата-аналардан ақша алған мұғалім сотталды

    «Конкурссыз өткізем»: Ақтөбеде ата-аналардан ақша алған мұғалім сотталды

    Фото: gov.kz

    Ақтөбе қаласының №2 соты бірнеше рет алаяқтық жасады деген айыппен сотталушы П-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Сотталушы 2024-2025 жыл аралығында оқу орталығында мұғалім болып жұмыс істеп, 2 жәбірленушіні бейіндік пәндерді тереңдетіп оқытатын мектепке конкурстан тыс белгілі бір ақша төлеу арқылы түсіруге көмектесемін деген жалған ақпарат беріп алдаған.

    Нәтижесінде сотталушының қылмыстық әрекеттері салдарынан 2 жәбірленушіге жалпы 3 200 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

    Сотталушы сот отырысында өз кінәсін мойындады.

    Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні толық мойындауын, шын жүректен өкінуін, кәмелетке толмаған балаларының болуын, келтірілген залалды толық өтегенін ескерді.

    Қылмыстық жауаптылығы мен жазасынауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

    Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →