Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды

    Ердоған Қазақстанға келеді: Түркістанда Түркі мемлекеттерінің саммиті өтеді

    Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 мамырда Қазақстанға келетінін растады. Сапар аясында Түркістанда ТМҰ-ның бейресми саммиті өтеді.

    Ердоған Қазақстанға келеді: Түркістанда Түркі мемлекеттерінің саммиті өтеді
    file_721.jpg

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Түркия басшысы 14 мамырда Қазақстанға жасайтын сапарын растады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Режеп Тайып Ердоған бұл сапарға үлкен мән беретінін атап өтті. Сапар барысында екіжақты мәселелер талқыланып, Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысы өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін өткізу көзделген.

    Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы кездесулердің екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін аса маңызды екенін жеткізді.

    Бұдан бөлек, Түркия президенті Мемлекет басшысын сәуір айында Антальяда өтетін дипломатиялық форумға қатысуға шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шақыруды қабыл алды.

    Әңгіме соңында екі елдің көшбасшылары бір-бірін келе жатқан Ораза айт және Наурыз мейрамдарымен құттықтады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →