Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді •

    Тартысты финал: 18 жастағы Әмір Омарханов фаворитті жеңді

    18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунисте өткен турнирде сенсация жасады. Ол тартысты финалда турнир фаворитін жеңіп шықты.

    Тартысты финал: 18 жастағы Әмір Омарханов фаворитті жеңді
    file_703.jpg

    18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 турнирінде жеңіске жетіп, кәсіби мансабындағы төртінші титулына қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тартысқа толы финалда Омарханов турнирдің басты фавориті саналған, әлемнің 383-ракеткасы, түркиялық Мерт Алкаймен кездесті. Жас спортшымыз үш сетке созылған аса қиын ойында 7:5, 1:6, 7:5 есебімен мықтылығын дәлелдеп, жеңісті жұлып алды.

    Бұл – жас таланттың ересектер арасындағы кәсіби деңгейдегі төртінші ірі жеңісі. Бұған дейін Әмір Тунис пен Испания корттарында жекелей және жұптық сында сәтті өнер көрсеткен болатын. Монастирдегі жеңіс қазақстандық спортшыға ATP live-рейтингінде 643-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →