Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Ресей басшысы Тоқаевты жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстан президенті Ресей басшысының алдағы сапарына ерекше тоқталды.
«Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Владимир Путин Астанада өтетін келіссөздерге қатысты бұл бағамен келісетінін жеткізді. Ол екіжақты ынтымақтастықтың барлық стратегиялық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.
Фото: Әлеуметтік желіден
